Friday, 22 November,2024

15 млн теңгеге сатылған мектеп мемлекет меншігіне қайтарылатын болды

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Қоғамда үлкен резонанс туғызған Алматы облысындағы мектеп мемлекет меншігіне қайтарылып, ел игілігі үшін қызмет етеді. Бұл туралы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Жасұлан Естенов Instagram-дағы парақшасында жазды. Онда әкім 15 миллион теңгеге сатылып кеткен ғимаратқа қатысты сотқа арыз түскенін мәлімдеген.

“Әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан Шалқар ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектебінің ескі ғимараты 2018 жылы 15 224 000 теңгеге сатылған. Бұл ғимаратты мемлекеттің  құзырына қайтару үшін менің тапсырмама сәйкес ағымдағы жылдың 9 наурызы күні Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз жолданды. Қосымша Қарасай аудандық прокуратурасы тарапынан Шалқар орта мектебінің ескі ғимараты бойынша қаулылардың күшін жоюға талап арыз берілді. Ағымдағы жылдың 25 мамырында және 2 маусымда сот отырыстары өткізілді. Айтайын дегенім, құрметті аудан тұрғындары, бұл жұмысты біз үш ай бұрын бастап қолға алғанбыз. Заңға сәйкес, мемлекетке қайтарып, ел игілігіне пайдаланамыз”, - деп жазды Жасұлан Естенов.

Айта кетейік, жекенің қолына өтіп кеткен мектептің мәселесін мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Парламент қабырғасында көтерген болатын.

Ұсынылатын