Friday, 22 November,2024

"5 талаптың бірінде орындаған жоқ". Ақын қыз Айшолпан өзіне кінә артқан Тұрсынбектің әйеліне жауап берді

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Ақын қыз Айшолпан Тілеутай әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, бұрынғы продюсері Мөлдір Мұқанованың сөзіне жауап берді. Тіпті ол бұл айтылғандардың бәрі өтірік екеніне тоқталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақын қыз әлеуметтік парақшасында бейнеүндеу жасады. Онда бұрынғы продюсері Мөлдір Мұқанова келісімшартта көрсетілген 5 талаптың ешбірін орындамағанын айтады. Тіпті алажаздай бай-манаптар тойына салып, ақшасын төлемей кеткеніне де тоқталған.

"Менің бұрынғы продюсерім маған жала жауып сұхбат бергенін көрдіңіздер, қасындағы журналистер менің дене бітіміме тиісіп, үстімнен мысқылдап күліп отырғанын да көрдіңіздер. Менің қатты намысым ұстады, жүрегім ауырды. Менің де бойымда намыс бар, мен өзімді ешкімге таптатпайтын қызбын", - деп бастаған бейнеүндеуін ақын қыз.

Мұнан кейін Қазақстанда әділдік болса шындық мынадай деп бәрін тізбектеп айтады.

"Астанаға арман қуып келдім. Әкем күзетші, анам ұстаз. Сіздер сияқты асып тасып жатқан байлықтары жоқ. Ата-анамның үмітін ақтау үшін Астанаға келдім. Мөлдір ханымға жылап еңіреп бармадым, Мөлдір ханым маған келіп жұмыс істеуді ұсынды. Келісім шартқа отырдық. Ол келісімшартта Тұрсынбек аға мен Мөлдір ханым мені әзіл әлеміне шығару керек болатын, киноға түсіру керек болатын, киіммен қамтамасыз ету керек болатын, концерттермен қамтамасыз етіп және ай сайын айлығымды төлеулері тиіс болды. Өкінішке орай бұл кісілер 5 талаптың бірінде орындаған жоқ. Мені жаз бойы бай манаптардың тойына, депутаттардың тойына, министрліктің, аппараттың тойына тегін салып, соңында ақшамды бермей қойды. Бір министр ағамыз домбыра сыйлаған еді, оны Мөлдір ханым өзіне алып, үйіне қойып қойды. Осындай адамдармен мен қалай жұмыс істеймін деп телефонымды алмай қойдым", - деп күйінеді Айшолпан.

Сондай-ақ, ол ешкімнен қорықпайтынын, шындық қашанда ащы болатынына тоқталады. Әрі әділдік болғанын, аяқтан қайта қайта шала бермеулерін сұрайды.

"Қай жерде жұмыс істесе де, кімнің әйелі болса да мен ешкімнен қорықпаймын. Сондықтан Мөлдір ханым, Тұрсынбек аға маған төлемеген айлықтарыңызбен байып кете қойыңыздар, бірақ та менің мазамды алмаңыздар, аяқтан шалмаңыздар, өтірік айтып байбалам салмаңыздар, қазақ елі әділдікті сүйеді", - деп қорытындылайды сөзін.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқанова ақын қызды жауапсыз деп сынға алғанын жазған едік.

Ұсынылатын