Saturday, 23 November,2024

680 млн жымқырған білім бөлім басшысына қатысты министр пікір білдірді

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы 680 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген ақпарат қоғамда қызу талқыланды. Резонанс туғызған жағдайға қатысты оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Оқу-ағарту мен жемқорлық бір-біріне сәйкес келмейтін ұғымдар. Сондықтан былтыр Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігімен бірлесе отырып, осы саладағы мәселелерді зерттеуге кірістік. Сол бағытта Жол картасы әзірленді. Мен бірнеше рет мектеп басшыларымен, білім басқармаларымен бірлескен кездесулерді, семинарларды өткіздік. Қазір көп анықталып отырған жағдайлар 2020 жылдан бастап жіберілген көп қателіктер шығып жатыр. Жалпы бұл салада жемқорлық атымен болмауы тиіс. Бұл бағытта барлығымыз бірлескен жұмыс істеуіміз керек, - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшысы қазіргі таңда қамауда отыр. Uaqyt.info бұл туралы бұған дейін жазды.

Ұсынылатын