Аида Балаева «Қазақфильм» төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді
ҚР Мәдениент және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» төңірегіндегі дауға қатысты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Қазақфильм” айналасында болып жатқан мәселелер жайында айта кеткім келеді. Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатын болады.
Аты аңызға айналған «Қазақфильмнің» бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенімдімін. Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз”, - деп жазды Аида Балаева.
Айта кетейік, киностудияның президенті Азамат Сатыбалдының ғимарат аумағын жалға беретіні қоғамда қызу талқыланған болатын. Қытай көліктерін жарнамалаумен айналысатын актер кейін өзін сынағандарға жауабын берді. Бұл туралы Uaqyt.info бірнеше материал жазды.