Saturday, 23 November,2024

"Айсұлтан Рахатұлының жанынан топырақ бұйырыпты": Белгілі саясаткер Жасарал Қуанышәлинді туған жұрты жер қойнына табыстады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Белгілі саясаткер, оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді бүгін Алматыда ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Алматыда орталық мешітте оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинмен қоштасу рәсімі өтті.  Жаназаға жиналғандар арасында саясаткердің үзеңгілес әріптестері, саясаткерлер, белсенділер бар.

74 жасында ауруханада көз жұмған саясаткерді Кеңсай зияратына жерледі. Кейін оның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы Айсұлтан Рахатұлының жанынын топырақ бұйырған бейнежазба тарады.

Айта кетейік, бұған дейін өмірінің соңына дейін билікпен күресіп өткен оппозиция қайраткері қайтыс болғанын жаздық.

Жасарал Қуанышәлин 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге де ниет білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Ұсынылатын