Алматыдан 250 шақырым қашықтықта тағы жер сілкінді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Магнитудасы – 4.9 болатын жер асты дүмпуі сағат таңғы 07:35-те болған. Сілкініс облыс тұрғындарына сезілгенімен Алматыға пәлендей әсер ете қойған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні болған жер сілкінісі көптің зәресін ұшырған еді. Uaqyt.info бұл туралы бірнеше материал жазды.