Sunday, 24 November,2024

Ақтөбеде жоғалған оқушы қыз үйіне өзі оралды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақтөбеде кеше кешқұрым үйден шығып кері оралмаған қыз табылды. Ол үйіне өз аяғымен барған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полиция дерегіне сүйенсек, 7-сынып оқушысы анасымен ұрысып қалған соң кетіп қалғанын айтқан. Ол бүгін түс ауа үйіне оралып отыр.

"Оқушының үйіне оралғаны рас. Қайда болғанын сұрағанда құрбысының үйіне қонып шыққанын айтты. Анасымен ұрысып қалған соң осы әрекетке бардым деп отыр. Қазір түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Қыз ата-анасымен бірге тұрады. Осы оқиғадан соң отбасы есепке алынады ",- деді облыстық ПД баспасөз қызметі Ерболат Сарқұлов.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе 7-сынып оқушысы жоғалып кеткенін жазған едік. Оны полиция, еріктілер мен туыстарынан жиналған 40 шақты адам іздеген болатын.

Ұсынылатын