Wednesday, 24 April,2024

"Астамшылық емес пе?" Саябақта кептерлерге қап-қап бидай шашқан Исматулла Мақсым тағы жұрт талқысына түсті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Халық арасында сопы атағы бар Исматулла Мақсым жұрт талқысына түсті. Бұл жолы ол өзінің күн ара саябаққа бидай шашатынын көрсеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Молда бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода Исматулла Мақсымның қымбат көлікте отырғанын байқайсыз. Жанына ерткен жас балалар саябақ ішінде кептерлерге бидай шашып жүр. Тұрғындардың бірі бұның себебін сұраған еді, сопы жауабын түрмеден басталған іс екенін түсіндіреді.

"10 жыл түрмеде отырдым. Сол кезде берген тамақты терезеден кептерлерге шашушы едім. Қапастан шыққанда осылай құстарды тамақтандырсам деген арман бар еді. Міне қазір сол арман аясында 4 жерге 4-5 қап бидай шашамын. Орталық саябақта 2 жыл бұрын тоқтаттым. Ол жақта шашқызбай қойды. Кейін тағы бір жерге шашушы едім, ондағы тұрғындар арызданамыз деп шулады. Енді қазір 4 жерге күн ара шашып жүремін", - дейді ол бейнежазбада.

Дей тұрғанымен молда әрекеті желіде қызу талқылануда. Басым бөлігі қап-қап бидайды құстарға шашқанша мұқтаж адамдарға таратып бергені дұрыс болар еді дегенге тоқталыпты. Тіпті астамшылықққа балап жатқандары да бар.

Айта кетейік, бұған дейін молданың "Имам Мәхди" туралы айтқаны жұрт сынына қалғанын жазған едік. 

Ұсынылатын