Friday, 20 September,2024

Астанадағы автотұрақтан шыққан өрттен 3 адам зардап шегіп, 6 көлік жанып кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Елордадағы паркингтегі өрттен 6 көлік жанып кетті. Тағы 4 көлікке едәуір зиян келген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қою түтіннен 3 адам уланып, ауруханаға түскен. Өрт сағат 14:33-те тоқтатылып, 15:02-де толығымен сөндірілген. Тілсіз жаумен күрсуге 70 адам мен 18 техника жұмылдырылды.

«6 маусым күні сағат 11:56-да Қ. Мұхамедханов көшесіндегі үйде 3 қойма үй-жайы мен 6 жеңіл көлік өртенді, жылу әсерінен тағы 4 автокөлікке зақым келді. Құтқарушылардың күшімен, оның ішінде жоғарғы қабаттардан автобаспалдақ арқылы 17 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала бар», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Uaqyt.info бұған дейін елордадағы паркингтегі өрт туралы жазған болатын.

Ұсынылатын