- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Атыраудағы лагерге бара жатып пойызда көз жұмған бала ісі: Жасөспірімнің анасы бар шындықты айтып берді
Атыраудағы лагерге бара жатып пойызда көз жұмған бала ісі: Жасөспірімнің анасы бар шындықты айтып берді
Атыраудан лагерге бару үшін пойызға отырып, кейін жолда көз жұмған 13 жастағы баланың өліміне байланысты анасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Көз жұмған 13 жастағы жасөспірімнің анасы ешкімді кінәламайтынын мәлімдеді. Сөзінше баласы бұрыннан ауырады. Яғни ара-тұра қан тамырлары жарылып кететін көрінеді. Ал дәл сол күні пойызда сондай жағдай қайталанған.
"Көпшілік оны тамақтан уланды деп жатыр. Олай емес. Баламның тамыры өздігінен жарылатын. Сол күні кеуде қуысының қолқасы үзіліп кеткен. Ешкімді кінәламаймын, - дейді баланың анасы Тамара Цаплина.
Сонымен қатар ол өзінің бейнежазбасында ақшалай көмектесткен әкімдікке алғысы зор екеніне де тоқталады. Бірақ желідегі жұрт қайғы жұтқан анаға осындай кезде рахмет айтқызып керегі не деген бағытта сыни пікірлерін қалдыруда.
Еске салайық, қаралы жағдай 7 тамызда тіркелді. Бір топ бала "Атырау-Астрахань" пойызымен санаториге жолға шыққан. Бір жарым сағаттан кейін 13 жастағы Святослав Цаплин өзін нашар сезініп, "Нарын" станциясына жедел жәрдем шақырылды. Бірақ бала қайтыс болды. Баланың есімі - Святослав Цаплин.
Осы оқиғаға байланысты сонымен қатар облыстық білім басқармасы арнайы комиссия құрылғанын да хабарлаған еді.