Saturday, 23 November,2024

Азаматтық соғыс белгілері ме? Ресейде Путин режимін құлатуды көздеген топ күш алып барады

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Ресейдің Украинамен шекаралас тұсында әскери еріктілер тобы күш алып барады. Тіпті өткен аптада олар Белгород өңірін басып алуға әрекеттенген еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы The Times агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, "Азат Ресей" әскери ұйымы Мәскеуді басып алуға ниетті. Бірақ әзірге толық күш жасақталып үлгермеген. Соған байланысты еріктілер межелі уақытты күтіп отыр.

"Біз қылмыскер емеспіз. "Вагнер" секілді жалдамалылар тобына да жатпаймыз. Біз Ресей Федерациясының азаматымыз. Қазір қолымызда минометтар мен брондалған көліктер, танкіге қарсы қарулар мен дрондар бар", - дейді ұйым мүшелері.

Сөздерінше бүгінде олардың құрамы 1000 адамға толыққан. Әрі адам саны жеткілікті болған сәтте Путин режимін құлатуға әрекеттенбекші.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Белгород облысына белгісіз топ басып кіргенін жазған едік.

Ұсынылатын