- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Баянауылдағы апат: кен орнында қаза тапқан және із-түссіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден беріледі
Баянауылдағы апат: кен орнында қаза тапқан және із-түссіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден беріледі
Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ кен орнында көз жұмған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден өтемақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Біз «Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырудамыз. Оқиға орнында менімен бірге ТЖ вице-министрі және басқа да қызметтер бар.
Құтқарушылар жоғары қауіпті режимде жұмыс істеуде, өйткені, құлау шекаралары тұрақсыз, әлі де пайда болған шұңқырда тастар мен топырақтың сырғуы жүруде.
Барлығы 116 адам, 23 техника жұмылдырылды. Бүгін таңғы сағат 06:00-де Астана қаласы ТЖД кинологтар бригадасы келіп, бірден іздестіру жұмыстарына кірісті.
Қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына «Майқайың-алтын» АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан әрбір отбасына 4.5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетін болады. Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Қаза болған екі құтқарушының отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын.
Біз іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырамыз”, - деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Uaqyt.info шұңқырға құлап кеткен автобус туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.