Sunday, 8 December,2024

“Бірге өмір сүрмеймін”. Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке қатысты пікір білдірді

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова күйеуінен қандай жағдайда кететінін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы продюсер Мөлдір Мұқанова Youtube-тегі Асхат Садырбай арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, ол күйеуінің тоқал алуына түбегейлі қарсы екен. Ал егер екінші әйел алған жағдайда, ол Тұрсынбекпен бірге тұрмақ емес.

Барлық әйелдер секілді күйеуімнің тоқал алуына қарсымын. Егер ондай шешімі болып жатса, жолың ашық деймін. Бірге өмір сүрмеймін, - деді Мөлдір Мұқанова.

Бұдан бөлек Мөлдір Мұқанова өзінің отбасылық өмірі мен шығармашылығы туралы сыр шертті. Uaqyt.info бұған дейін продюсердің қарамағында болған айтыскер ақынды не себепті жібергенін жазған болатын.

Ұсынылатын