Елордадан шыққан шабандоздар Түркістанға жетті: Жеңімпаз Жетісу облысы
Елімізде 2 апта бұрын басталған Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесі өз мәресіне жетті. Шабандоздар 1300 шақырым қашықтықты бағындырып, бүгін таңда Түркістан қаласындағы мәре сызығына жеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Биылғы доданың жеңімпаз командасы Жетісу облысы атанды. Жалпы 1300 шақырымдық жарыс жолына шыққан 19 команданың 4-уі Түркістанға жеткен.
Осылайша жеңімпаз Жетісу облысының командасы 18 миллион теңге тігілген бас жүлдені қанжығағ байлады. 16 миллионды екінші келген Ақтөбе облысының командасы алса, 3-ші орын иегері Алматы қаласының командасы 9 000 000 теңгеге ие болды.
Төрешілердің шешімімен, мәреге 4-інші болып келген Абай облысының командасына 5 000 000 теңге беріледі.
Алғашқы төрттікке кірген командалардың уақыт көрсеткіші:
Жетісу облысы – 93 сағат 47 минут 43 секунд
Ақтөбе облысы – 95 сағат 06 минут 37 секунд
Алматы қаласы – 104 сағат 23 минут 57 секунд
Абай облысы – 112 сағат 12 минут 46 секунд
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кешкі сағат 18:30-да "Түркістан-арена" стадионында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін аталмыш додаға алғаш рет қыздардан құралған команда да қатысқанын жазған едік.