Wednesday, 27 November,2024

"Ислам әйелдердің қара киім киіп, бетін тұмшалауын талап етпейді": Өзбекстан дінге нықтап кірісті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Өзбекстанның муфтиі ислам дініне байланысты нақты ел ұстанымын мәлімдеді. Сөзінше бетті тұмшалап, қара киімге орану дұрыс емес, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Gazeta.uz Өзбекстан мүфтиі Нуриддин Холикназаровтың ислам дініне байланысты ойын жариялады. Онда муфти ислам діні әйелдердің бетін толығымен жабуды және қара киім киюді талап етпейтінін айтқан. Яғни Мұсылмандар басқармасының төрағасы, Өзбекстан мүфтиі Нуриддин Холикназаров діни киім кию, өзін ұстау, қажылыққа бару мәселелеріне тоқталып, діндегі шектен шығушылықты сынға алған. Әрі ислам дінінде киім-кешек пен сыртқы келбетке қатысты қатаң ережелердің жоқ екенін, дінде байқалған кейбір шектен шығушылықтың да негізсіз екенін баса айтқан.

"Діни киім кию мәдениеті шектен шығып кетті. Исламда белгілі бір киім кию сыртқы келбетті білдіреді деген пікір қалыптасты. Пайғамбарымыз қалдырған қағида бар. Исламда белгілі бір форма қабылданбаған, ол мүмкін емес, ол бір ұлттың, бір климаттың діні емес. Ислам бүкіл адамзатқа жіберілген дін. Арабтардың өз киімі бар, түріктердің өз киімі бар, Индонезия мен Малайзиядағы мұсылмандар өз киімін киеді, ал өзбектер өз киімін киеді", - дейді Нуриддин Холикназаров.

Сондай-ақ, ол Өзбекстандағы мұсылман әйелдерден бетін жабу, қара киім кию немесе қолғап кию талап етілмейтініне тоқталды.

"Әлеуметтік желіде бір кісі анасының аяғын жуып, сол суды ішіп жатқанын көріп жүрміз. Дініміз мұны да талап етпейді. Ата-ананы құрметтеу олардың аяғын жуған суды ішу емес. Ата-ананы құрметтеу оларды Қағбаға апарып, бүкіл әлемнің көзінше аяғын сүю емес. Керісінше ата-анаға көмектесіп, мұң-мұқтажын өтеп, батасын алу. Қалғаны шектен шыққандық", - дейді муфти мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда ерлердің көп әйел алуына, қыз-келіншектердің бетін бүркеп жүруіне тиым салынғанын жазған едік.

Ұсынылатын