Saturday, 5 October,2024

Кенияда Иса пайғамбармен кездесеміз деген үмітте аштан өлгендер саны 200-ден асқан

Алмас Абылай
Фото

Кенияның Малинди қаласында аштан қырылғандар қатары 226 адамға жетті. Бәрі де "Ізгі хабар" сектасының ұранына уланғандар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Соңғы деректерге сүйенсек, Кениядағы "Ізгі хабар" сектасына уланып, аштан-аш өліп кеткен тұрғындардың саны 226 адамға жеткен. Бәрінің мәйіті орман арасынан табылды.

Еске салайық, бұған дейін 15 сәуір күні "Ізгі хабар" ұйымының жетекшісі Пол Маккензи Нтенге ұсталды. Ол дәл осы халық санасын улады деген күдікпен айыпталуда. Яғни халыққа алдағы ақырзаманнан құтылу үшін "аштық жариялауды" ұсынған. 

Осы айдың аяғында Маккензи, оның әйелі және тағы 16 күдікті сот алдында жауап бермек. Прокурорлар оның "терроризм" бабымен жауапқа тартылатынын хабарлады.

Ұсынылатын