Sunday, 24 November,2024

Киік атуға ақыры рұқсат берген билік енді жануар мүйізін шетелге сатпақшы

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Экология және табиғи ресурстар министрлігі киік мүйіздерін шетелге сатпақшы. Тіпті оған квота алу үшін CITES хатшылығына құжат та жіберіп қойған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Власть жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, министрлік бір жылдан кейін шешім қабылданатын шараға қазірден рұқсат алу үшін құжат жіберген көрінеді.

"Қазіргі уақытта халықаралық нарықта киікті, оның ішінде мүйіздерін коммерциялық пайдалануға нөлдік квота белгіленді. Халықаралық сарапшылардың ұсынысымен министрлік киіктерді республикадан тыс жерлерге сату мақсатында квота алу үшін қажетті құжаттарды дайындап, CITES Хатшылығына жібереді. CITES конвенцияларының келесі сессиясы 2025 жылы өтеді", – делінген ведомства жауабында.

Сонымен қатар, министрлік ол шешім шыққанынша "популяцияны реттеу нәтижесінде алынған" киік мүйіздері "Охотзоопром" МКК бас кеңсесінде сақтайды.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде киік қаптады деген билік олардың санын реттеу үшін атуға рұқсат берген еді. Тіпті жануарды аулауға бір жарым ай уақыт белгіледі.

Ұсынылатын