Күдебаевтың елге өз еркімен қайтатын ойы болмаған – прокуратура
                     Uaqyt.info 
                     
  
                     
  
                
                 Фото Ашық дереккөзден
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Бас прокуратура Серік Күдебаевтың Түркияда тұрақтап қалғысы келгенін жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Күдебаев С.М. өз бетімен Отанына қайтуды ойламаған, өйткені ол барған елінде тұруға рұқсат сұраған. Кейін шетелдік әріптестердің көмегімен С.М. Кудебаев Түркия аумағында ұсталды және Қазақстанға жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.
Айта кетейік, Алматы облысы ПД бұрынғы бастығы Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталып, кейіннен елден қашып кеткен болатын. Генералдың қалай ұсталғанын Uaqyt.info бұған дейін жазды.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


