Saturday, 27 July,2024

Мароккодағы 7 баллдық зілзала: Қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Мороккодағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Hespress жазды. Онда тағы мың бес жүзге жуық жанның жарақат алғаны жазылған.

"Жер сілкінісінен 2012 адам қаза тауып, 2059 адам зардап шеккен, оның ішінде 1404-і ауыр жарақат алған", – делінген ақпаратта.

Марокко королі VI Мұхаммед жер сілкінісінен қаза тапқандар үшін елде үш күндік аза тұту күнін жариялап, корольдіктің мемлекеттік туларын жартылай түсіріп қоюды бұйырды.

Еске салайық, бұған дейін Мороккода жойқын жер сілкінісі болғанын жазған едік.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by CNN (@cnn)

Ұсынылатын