Saturday, 27 April,2024

Мәскеудегі терактіден қаза тапқандардың саны 139 адамға жетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Мәскеудің «Крокус Сити Холл» кешенінде болған терактіден қаза тапқандар саны 139-ға жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин мәлімдеді. Оның айтуынша, 22 наурызда шабуылдан көз жұмғандардың 75-нің жеке басы анықталған. Олардың арасында үш бала бар.

Жантүршігерлік шабуылдан жүзден астам адам жараланды. Олар қазіргі уақытта дәрігерлердің жіті бақылауында.

Еске сала кетейік, 22 наурызда Мәскеудегі "Кроус Сити Холл" кешенінде терактілік шабуыл болған еді. мұхдай қаруланған топ адамдарға оқ жаудырып, кешенге өрт қойған болатын.

Uaqyt.info бұл туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын