- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Медеудегі өрт кезінде қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына қанша млн өтемақы беріледі?
Медеудегі өрт кезінде қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына қанша млн өтемақы беріледі?
Тау баурайындағы өртті сөндіру кезінде үстіне ағаш құлап, қаза тапқан Арслан Құрманбековтің отбасына 13 миллион теңге өтемақы төленетін болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 млн теңге өтемақыдан бөлек, қазақ тапқан өрт сөндіруші мемлекеттік наградаға ұсынылды.
«Құқық қорғау қызметі туралы» заңға сәйкес, қаза тапқан қызметкер Арсланның Құрманбековтің мұрагерлеріне оның 60 айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) біржолғы өтемақы төленетін болады (шамамен 13 миллион теңге). Сонымен қатар, жерлеуге жұмсалған шығыстарға 600 мың теңге көлемінде өтемақы беріледі», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Медеудегі өртті сөндіру барысында 1994 жылы туған Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, 7-ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы қаза тапқан еді. Uaqyt.info бұл туралы бұған дейін жазды.