Мемлекеттік күзет енді Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Мемлекеттік күзет қызметі Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Құжат АшықНҚА порталында жарияланды. Онда Мемлекеттік күзет қызметі заңына өзгерістер енетіні жазылған. Яғни, бұған дейін қорғауға, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс адамдар мен тиісті нысандардығ қатарынан Нұрсұлтан Назарбаев түсіп қалған.
Бұған себеп "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты деп түсіндірілген.
Еске салайық, бүған дейін Назарбаевты балағаттағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын жазған едік.