Saturday, 19 April,2025

"Мен үшін ең қымбат байлық, ұғым – әке..." Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартатынын мәлімдеді

Алмас Абылай
Фото

Әнші Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартпақ. Тіпті жақында алған "Құрмет" орденін де кері қайтарып бермекші, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Онда қоғамдағы сынды айналып өте алмайтынын түсіндірген. Яғни жақында кеудесіне таққан "Құрмет" орденіне байланысты халық арасында келіспеушілер үндерін білдіруде. Міне осы жағдайға байланысты Әли Оқапов нақты шешім қабылдапты.

"Осы уақытқа дейін алған телеарналар мен жобалардың марапат-медальдарын кері қайтарамын. Ал мемлекеттік марапат мәселесі қиындау болып тұр. Себебі оның бетінде ұлттық рәміздеріміз бейнеленген. Сол себепті жөнсіз қарауға болмайды. Бұл тұрғыда барлық заңды ақтардым. Бірақ қайтару мәселесінде шешім жоқ. Сол себепті тағы да құзіретті ведомствалар жауабын күтетін боламын", - дейді әнші мәлімдемесінде.

Десе де желідегі жұрт бұл жағдайға түрлі пікір жазуда. Бірі дұрыс шешім екенін, мұндай марапатқа лайық емесін айтса, енді өзгелері қайтармауды, сол марапатқа толықтай құқы барына тоқталуда.

Айта кетейік, бұған дейін экс-депутат "Құрмет" орденін алған Роза Рымбаеваның баласына шүйліккен еді.

Ұсынылатын