Saturday, 23 November,2024

Менсінбеу ме, ұялды ма? Ішіп алып көлік тізгіндеген депутат сотқа келмей қойды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген Ақтөбе мәслихатының депутаты мандатынан айырылды. Сәния Мұратованың үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалған. Біріншісі жол ережесін бұзғаны үшін. Алайда ол сотқа келмей қойды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазды. Дерекке сүйенсек, мәслихат депутаты сотта төбе көрсетпесе де, судья сырттай шешім шығарған. Сонымен қатар оның депутаттық өкілеттілігі де тоқтатылып отыр.

Сот шешімімен Сәния Мұратова алты ай бойы көлік жүргізе алмайды.

Айта кетелік, жиырма күн бұрын Лексус көлігін тақымдаған 53 жастағы қалалық мәслихат депутатын тәртіп сақшылары орталық көшелердің бірінде тоқтатқан. Алкогольді ішімдіктің иісі шыққанын аңғарған сақшылар депутатты сараптамаға жеткізіпті.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін енді тағы да сотқа тартылады. Экс-депутат оған да келмесе сотқа күштеп жеткізілмекші. Себебі, мас күйінде рөлге отырғаны үшін 15 күнге әкімшілік қамауға алынуы тиіс. Әзірге тек қарсы жолға шыққаны үшін жуапқа тартылды.

Еске салайық, бұған дейін Сәния Мұратованың өз еркімен депутаттық мандатынан бас тартуға өтініш бергенін жазған едік

Ұсынылатын