Monday, 16 September,2024

Мерген қыздар жарады! Азия ойындарындағы екінші алтын қоржында

Алмас Абылай
Фото Ұлттық олимпиада комитеті

Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті. Жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында Зухра Ирназарова биіктен көрінді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухара Ирназарова чемпион атанды. Отандасымыз сайыста 560 ұпай жинады.

Ал Солтүстік Кореядан келген екі мерген қыз 554 ұпай алған. 

Осылайша Азия ойындарында ел құрамасының қоржынына екінші алтын түсті. 

Еске салайық, бұған дейін Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панаринадан жасақталған командамыз алғашқы алтынды қоржынға салған еді. 

Ұсынылатын