Мысықтың басын кескендерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Uaqyt.info

Шымкентте жануарларға қорлық көрсеткендердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Polisia.kz хабарлауынша,17 маусымда Шымкент полицейлері әлеуметтік желіге және БАҚ-қа мониторинг жүргізу барысында жануарларға жасалған қатыгездік туралы жазбаларды анықтады.
Еңбекші аудандық ПБ ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Uaqyt.info бұған дейін мысық пен иттерді аяусыз қырып салғандары туралы жазған болатын.