Saturday, 23 November,2024

Нигериядағы бүлік: Тақты күшпен басып алған әскерилер сырттан қауіп келсе бұрынғы президентті өлтіретінін хабарлады

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Нигерияда билікті күшпен басып алған әскерилер шұғыл мәлімдеме жасады. Олар Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы (ЭКОВАС) тарапынан конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге күш салса, бұрынғы президентті өлтіруге дайын екенін айтуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Нигерияда жағдай тұрақталмай тұр.  Еuronews-тің жазуынша, Батыс Африка мемлекеттерінің Экономикалық қауымдастығы (ECOWAS) елдері шекара маңындағы әскерді елге кіргізуге ниетті екенін мәлімдеді. Олар Нигериядағы бүлікті қалпына келтірмекші.

Тіпті қауымдастық өкілдері шұғыл жиын өткізіп, шекараларды жабу, сапарларға қатаң тыйым салу және конституциялық тәртіпті қалпына келтіруге кедергі жасайтын адамдардың активтерін тоқтату шараларын қабылдайтынын мәлімдеді.

Десе де Нигерия тағын күшпен басып алған бүлікшілер бұл мәлімдеге мән берер емес. Керісінше дәл осындай әрекет басталса, бұрынғы президентті өлтіретінін айтып, қорқытып отыр.

Еске салайық, бұған дейін өздерін "Отанды қорғау ұлттық кеңесі" деп атаған бір топ сарбаз елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты мемлекет президенті Мұхамед Базумды тақтан құлатты. Тіпті оны қамауға алды. Осылайша елде конституциялық жүйе тоқталғанын, бұрынғы президент орнына генерал Тчиани отырғанын ашық мәлімдеді.

Тіпті жаңа күш Африка елдеріндегі "Вагнер" әскери ұйымы мүшелерінен көмек те сұраған. Бірақ әзірге Ресей билігі бұл жағдайға нақты жауап берген жоқ.

Ұсынылатын