Thursday, 19 September,2024

Оралдағы жарылыстан екі адам қаза тапты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Оралда кафедегі жарылыстан екі адам мерт болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қираған ғимараттың астынан алты адам табылған.

«Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында екі адам көз жұмды. Адамдардың кім екені анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда» деп хабарлады ведомстводан.

Uaqyt.info бұған дейін Оралда кафеде жарылыс болып, соңы өртке ұласқанын жазған болатын.

Ұсынылатын