- Басты жаңалықтар
- Сот
- Пара алды деген күдікпен қамауға алынған Шымкент әкімінің орынбасарына сот шешім шығарды
Пара алды деген күдікпен қамауға алынған Шымкент әкімінің орынбасарына сот шешім шығарды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Шымкент қалалық ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.
"21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа бұлтартпас шара ретінде екі айға қамау шарасын тағайындады", - деп жазылған ҰҚК таратқан хабарламада.
Еске салайық, Мақсұт Исаховты 20 шілдеде ҰҚҚ прокуратураның араласуымен ұстағаны белгілі болды. Ол пара алу күдігіне ілінген.