Sunday, 19 May,2024

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

16 сәуірде мал іздеуге шығып, із-түссіз кеткен 34 жастағы әйелдің денесі даладан табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz жазуынша, 19 сәуірде "Тұрсын" шаруа қожалығының маңынан Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілерісіз мәйіті қардан табылған. Тәртіп сақшылары қазір тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын жіті тексеріп жатыр. Сот медициналық сараптамасы тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде Бесқауға ауылының тұрғындары жоғалған малды іздеуге шығып, әйел жоғалып кеткен болатын. Uaqyt.info бұл туралы жазды.

Ұсынылатын