Monday, 16 September,2024

Пенопластпен жамалған жол: Былығын бетіне басқан журналисті "ҚазАвтоЖол" сотқа берген

Алмас Абылай
Фото

Журналист Диас Нұрақынды «ҚазАвтоЖол» компаниясы сотқа берген. Бұл туралы ол әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Facebook-тегі жазбасында Диас Нұрақын компанияның сотқа арызданғанын полициядан білгенін жазады.

"Алматы облысы Полиция Департаменті нің қызметкері хабарласты. Сіздің үстіңізден "ҚазАвтоЖол" арыз түсірді дейді. "Мүлігімізді қиратты" деп полицияға жүгірген екен. Өздері сапасыз жол салып, күніне жүздеген жүргізушінің көлігін талқандап жатқандарын біле ме екен бұлар? Айтқанға көніп, айдауға жүрмеймін дедім. ҚазАвтоЖолмен соттасуға дайынмын. Алдымен  олар пенопласттың мүлік екенін дәлелдесін. Сосын пенопласт  полиция араласатындай қымбат дүние болса, бетонканың басқа жерлерінде неге жоқ екенін түсіндірсін. Қысқасы "ҚазАвтоЖол" мен  "соғыс" енді басталды. Попкорн көбірек алып алыңыздар", - дейді журналист.

Айта кетейік, мәселе Алматы-Шелек бағытындағы бетон жолдың жалғамасына пенопласт тығып қойған жағдайдан басталған. Журналист білдей компанияның ақша үнемдеу үшін бетон араларын жамаудың тың әдісін тауыпты деп бейнежазба түсірді. Артынша мердігер қызметкерінен қоқан-лоқы жасалғанында мәлімдеген.

Ұсынылатын