Президенттікке үміткер тағы бір саяси тұлға өз үйінде оққа ұшты
Эквадорда тағы бір үміткерді үй жанында атып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы dw.com жазды. Дерекке сүйенсек, Эквадордағы "Азаматтық революция" қозғалысы жетекшілерінің бірі өз үйінің жанында оққа ұшқан. Эсмеральдас провинциясында саяси қозғалыс жетекшісі Педро Брионесті белгісіз біреулердің атып өлтіргенін партияластары хабарлады.
"Эквадор ең қанды дәуірді бастан өткеруде. Осы зорлық-зомбылық кезінде қаза тапқан әріптесім Педро Брионестің отбасының қайғысына ортақпын", - деп жазылған партияластарының хабарламасында.
Еске салайық, осыдан 5 күн бұрын ғана елде тағы бір саясаткер көз жұмған еді. "Строй" қозғалысының президенттікке кандидаты Фернандо Вильявисенсьоны тура көлігіне отырар сәтте атып өлтірді.
Жалпы Эквадорда мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау 20 тамызда өтеді деп жоспарланған.