- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Қарабақтағы қарбалас: Әзірбайжан дем арада басып алған аумақтағы армяндардың жағдайы не болмақ
Қарабақтағы қарбалас: Әзірбайжан дем арада басып алған аумақтағы армяндардың жағдайы не болмақ
Таулы Қарабақтағы атыс тоқтап, Әзірбайжан билігі ғасырға жуық таласқан аймақты өз қарамағына алғаннан кейін ондағы армяндардан тыныштық кетті. Олар бүгін болмаса да, алдағы уақытта геноцидке, құдалауға ұшыраудан қауіптеніп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Дей тұрғанымен Әзірбайжан президенті бұл анклавта "жұмақ" орнатуға уәде беруде. Ал Таулы Қарабақтағы этникалық армяндар басшылығы Әзірбайжанның бақылауына өткеннен кейін өздеріне Баку тарапынан қауіпсіздік кепілдігі әлі берілмегенін әлсін-әлсін көтеріп қояды. Себебі онда 120 мыңдай армян халқы бар.
Қазіргі уақытта аталмыш аумаққа гуманитарлық көмек те жеткізіле бастаған. Тіпті Ресейдің 2 мыңға жуық бітімгерлік сарбаздары жергілікті жұртқа көмектесуде.
Әзірбайжан әскері Таулы Қарабақты толық басып алғаннан кейін ондағы қарсылық білдірген армяндар қару-жарағын ресейлік бітімгерлерге тапсырып жатқан көрінеді. Соңғы мәліметке қарағанда, сепаратистер 5 мың дана оқ дәрі, 800-дей ұсақ қару және 6 әскери машинасын өткізген.
Ал Еревандағы халық шеруі тоқтаған жоқ. Онда Таулы Қарабақтағы армяндарға алаңдаған азаматтар биліктен тез арада елге көшіруді талап етуде.
Айта кетейік, бұған дейін Таулы Қарабақтың жағдайын жазған едік.