Saturday, 23 November,2024

Қарағанды облысында суға батып кеткен балықшы әлі табылған жоқ

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағанды ​​облысында суға батып кеткен балықшы үш күннен бері іздестіріліп жатыр. Естеріңізде болса, балыққа барған үш адамның екеуі судан өз беттерімен шыққанымен, көліктегі үшінші адам мұз астында қалып қойған еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 2024 жылдың 3 ақпанында Қарағанды облысында Молодежный ауылының маңында балық аулау кезінде суға кеткен балықшы әлі іздестіріліп жатыр.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сүңгуірлік жабдықтың, сондай-ақ "ГНОМ" суасты телебасқарылатын тексеру кешенінің көмегімен тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмысының күрделі болуына: қиын ауа райы жағдайлары, қатты жел, боран, аяз, кей жерлерде жұқа мұз, мұз астында сүңгу, судың төмен температурасы, суға түсу тереңдігі 3-4 метр, көрінудің болмауы, күшті ағыс. Бұл жағдайлар сүңгуірлер үшін қиын жағдай болып табылады", - делінген хабарламада.

Uaqyt.info қайғылы оқиға туралы бұған дейін жазған болатын.

Ұсынылатын