Sunday, 24 November,2024

Қарағандыдағы апат: Министрлік тергеу жүргізеді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағандыдағы энергия жүйесіндегі апатқа байланысты Энергетика министрлігінің комитеті тексерісті бастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қарағанды ЖЭО-3-тегі технологиялық бұзушылықты тергеумен айналысады», - делінген мәліметте.

Айта кетейік, бүгінгі болған төтенше жағдай салдарынан қаланың бірқатар бөлігі су мен жарықсыз қалып, интернет істен шыққан болатын. Uaqyt.info жарықсыз қалған қала туралы бұған дейін жазды.

 

Ұсынылатын