Sunday, 24 November,2024

Қарағандыдағы апаттан қаза болған кеншілердің отбасына қандай көмек көрсетіледі?

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Үкімет сайтында Мемлекет тапсырмасы бойынша кеншілер отбасына толыққанды көмек көрсетілетіні жазылған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Яғни мынадай қолдау шаралары қарастырылған:

– компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;

– моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;

– асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);

– Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;

– қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

– жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;

– жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;

– қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;

– 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;

– қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру;

–  үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.

Айта кетейік, бұған дейін шахтадағы апаттан қаза болғандар саны 33-ке жеткенін жазған едік.

Ұсынылатын