- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- Шахтадағы апат құрбандарының саны 33-ке жетті: Министр әлі ондаған кеншінің жер астында қалғанын мәлімдеді
Шахтадағы апат құрбандарының саны 33-ке жетті: Министр әлі ондаған кеншінің жер астында қалғанын мәлімдеді
Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза болған кеншілердің саны 33-ке жетті. Соңғы дерекке сүйенсек, толқыны 2 шақырымға созылған қатты жарылыс болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский 33 адамның денесін тапқанын хабарлады. Сөзінше өрт соңы қатты жарылысқа ұласқан.
"Жалпы шахтадағы 33 адамды таптық. Құтқарушылар ондағы өртті ауыздықтады. Зардап шеккендерді апат болған учаскеден шығарғаннан кейін, бар күш-жігерді шахтаның шығыс бөлігіндегі жұмыстарға бағыттаймыз", - деді Силинский.
Оның айтуынша, қаза болған шахтерлердің біразының аты-жөні әлі нақтыланбаған. Десе де қатты жарылыс толқыны 2 шақырымға тараған көрінеді. Төтенше жағдайлар министрі әлі 13 адамны жер астында қалғанына тоқталды. Тіпті ведомства басшысы кеншілерді із-түзсіз жоғалды деп саналатынын және оларды тірі табу екіталай екенін де кесіп айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыдағы Костенка шахтасында апат болғанын жазған едік.