Tuesday, 14 May,2024

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Амал күнімен құттықтады

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Айта кетейік, биылдан бастап наурыз мерекесі 10 күн бойы тойланады. Бұл туралы Uaqyt.info бұған дейін жазды.

Ұсынылатын