- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Қаза тапқан адамдар бар: Ресейдің Украинамен шектескен елді-мекендеріне қауіп төнді
Қаза тапқан адамдар бар: Ресейдің Украинамен шектескен елді-мекендеріне қауіп төнді
Ресейдің Белгород өңірінде қарулы қақтығыс басылар емес. Тіпті Шебекинода екі адам көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
ВВС агенттігі Ресейдің Белгород облысы тағы атқыланғанын жазды. Жарылғыш заттар салдарынан әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер бүлінген. Соңғы дерекке сүйенсек 2 әйел қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған. Облыс мэрі Гладков бұл жағдайды растап отыр.
Ал аталмыш шабуылды "Азат Ресей" еріктілері өз мойындарына алды. Тіпті жақын күндері билікті тақтан құлатуға ниетті екенін мәлімдеп отыр.
Көп ұзамай Белгород өңірінде қиян кескі ұрыс болғаны туралы да ақпарат тарады. Барлаушы топ Ресейдің "Тюльпан" әскери көлігін талқандағанын да хабарлады.
Қазіргі таңда Ресейдің дәл осы Украинамен шкаралас өңірі тынышталмай тұр.
Еске салайық, бұған дейін дәл осы Ресей билігіне қарсы шығып, әскери соғыс ашқан "Азат Ресей" еріктілер ұйымы туралы жазған едік.