Қазақ балуаны Азамат Дәулетбеков Поддубный лигасында топ жарды
                     Uaqyt.info 
                     
  
                     
  
                
                 Фото Ашық дереккөзден
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Азияның екі дүркін жеңімпазы, еркін күрестен спорт шебері Азамат Дәулетбеков Poddubny Wrestling League турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
86 келі салмақта күрескен Азамат Дәулетбеков ресейлік Арслан Багаевтан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Uaqyt.info бұған дейін Жәмилә Бақбергенованың жеңіске жеткенін жазған болатын.
Айта кетейік, Poddubny Wrestling League – әлемнің ең мықты деген балуандары бақ сынайтын жарыс.
 
             
                             
                             
                             
                             
                            


