Saturday, 23 November,2024

«Қазақфильм» автосалонға айналды ма? Азамат Сатыбалды жауап берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

«Қазақфильм» автосалонға айналған ба? Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптаған. Бұл мәселені актер Қуандық Дүйсенбаев өзінің әлеуметтік желісінде көтерген болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Uaqyt.info қоғамда резонанс туғызған мәселені бұған дейін жазған болатын. Онда актер Қуандық Дүйсенбаевтың Азамат Сатыбалдыға сын жасағаны айтылған. Ол «Қазақфильм» АҚ президентінің киностудия аумағын автобазарға айналдырғанын айтып, Сатыбалдының жұмысына сын келтірген еді. Президент өз атына айтылған сынға былай деп жауап берді.

“Қазақфильмнің»” президенті ретінде менің басты міндетім — 178 адамның айлығын тауып беру. Жалға берем бе, өзімді сатам ба, жоқ әлде басқа да жұмыс істеймін бе, жалпы менің міндетім. Сондықтан да, мен барынша осындай жұмыстар арқылы, кинодан да басқа жұмыстар арқылы 178 адамның айлығын тауып беруім керек. Бұл кәдімгі таксопарк. Ешқандай да, бұл жерде машина сатылмайды. Бұл автосалон емес”, - деді Азамат Сатыбалды КТК тілшісіне берген сұхбатында.

Ұсынылатын