Қазақстанда хиджаб киюге тыйым салына ма? Министр мәселені түсіндірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева діни киім киюге шектеу енгізіледі деген мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сөзінше қоғам айтылған сөзді әртүрлі қабылдауда. Тіпті нақты мәніне үңілместен ұшықтырып жатқандар да бар көрінеді.
"Дін тақырыбы өте нәзік. Бізге бұл мәселені қоғамға түсіндірген кезде барынша нақты деректерге сүйенген жөн. Көптеген адам елде хиджабқа тиым салынады екен деп даурығуда. Тіпті ресми сауалнамаларын жолдап, петиция да ұйымдастыруда. Бірақ мәлімдеменің хиджабқа еш қатысы жоқ еді. Менің айтпағым ниқаб және өзге де діни киімдер туралы болды. Яғни бетті тұтас тұмшалайтын киім үлгісі. Міне осындай діни киімдерге шектеу енгізу қажет дедім. Өйткені бұл қауіпсіздік мәселесі. Әрине заң бірден қабылданбайды. Алдымен талқылау болады. Соған сай нақты шешім қабылданбақ", - деп түсіндіреді министр.
Еске салайық, бұған дейін министр діни киім кию үлгісіне шектеу енгізу ұсынысын айтқанын жазған едік.