Sunday, 8 September,2024

ҚазҰУ-дағы "пәк" қыздардың тізімін кімдердің таратқаны белгілі болды

Uaqyt.info
Фото

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың жеке деректерін кімдердің таратқаны белгілі болды. Оқу орнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыздардың тізімін медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері жіберген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Берілген құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен басқа медициналық құпияға қатысты мәліметтер де болған. Кейіннен университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтер мессенджерлер арқылы тарап кеткен”, – делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша университетте қызметтік тексеру амалдары басталды.

“Алматы қаласының прокуратурасына осы факт бойынша прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдауды және студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап өтініш жолданды. Университет "Smart Health University City" ЖШС-мен шартты бұзу туралы мәселені қарастырып жатыр”, – делінген хабарламада.

Uaqyt.info бұған дейін осы мәселеге қатысты министрдің пікірін берген болатын.

Ұсынылатын