Sunday, 8 December,2024

Қуандық Бишімбаев камерада кімдермен отыр? ІІМ жауап берді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Әйелін ұрып өлтірді деп күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишібаевтың қандай камерада отырғаны айтылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов журналистердің сұрағына берген жауабында айтты. Оның айтуынша, Бишімбаевқа ерекше жағдай жасалмаған, ол бәріне ортақ камерада отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Қазір Бишімбаевқа қатысты тергеу, сараптама жұмыстарының бәрі аяқталды. Сот іспен танысып, сот ісі болатын күнді белгілейді. Бәріне бірдей жағдай қарастырылған. Камерада жалғыз емес, адамдар бар. Күдіктінің тәртібіне қатысты шығам түскен жоқ. Ол сот ісіне дайындалып жатыр", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Бұдан бөлек қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да қамауға алынды. Uaqyt.info қоғамда резонанс туғызған қылмыс туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

 

Ұсынылатын