Sunday, 8 December,2024

Қырым депутаттары Зеленскийдің әйеліне тиесілі пәтерді тартып алды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Украина президенті Владимир Зеленскийдің келіншегі Елена Ресей қарамағына қосып алған Қырымдағы пәтерінен айырылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы DW.com ақпарат агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, Қырым Мемлекеттік Кеңесінің басшысы Елена Зеленскаяғ тиесілі Ялтадағы пәтер аукционға шығарылғанын хабарлаған. Аталмыш баспана Қырым депутаттары шешімімен мемлекет меншігіне алыныпты.

Сондай-ақ, аталмыш сайт дерегіне сүйенсек, 500-ге жуық орыс әскері Украина сапына өтіп кеткен. Яғни олар Ресейге қарсы соғысып жүр. Ол қатарда «Азат Ресей» және Ресейдің ерікті корпусы ұйымы бар.

Естеріңізде болса дәл осы әскери ұйым Белгород облысына басып кірген еді.

Ұсынылатын