Friday, 18 October,2024

Қытайлық әйелді итеріп жіберген полицей жұмысынан қуылды

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Алматыда шетелдік әйелді итеріп жіберген полиция қызметкері жұмысынан қуылды. Қытайдың мас әйелі мен тәртіп сақшысының арасындағы болған жанжал бұған дейін ғаламторда қызу талқыланған болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қытайлық әйел мен тәртіп сақшыларының арасындағы қақтығыс 4 маусымда болған еді. Бейнежазбаны куәгерлердің бірі түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген болатын. Онда шетелдік азаматтармен полицейлердің арасындағы жанжалдың соңы күш қолдануға алып келгенін көруге болады.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол оқиғадан кейін полицей жұмыстан шығарылған.

Ұсынылатын