Saturday, 23 November,2024

Ресейдегі теракт кезінде қаза тапқандардың арасында қырғыз азаматтары бар

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

"Крокус Сити Холлда" болған теракт салдарынан шетелдік бірнеше адам қаза тапты. Олардың арасында Қырғызтан және Беларусь азаматтары бар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Соңғы мәлімет бойынша, қанды қасап кезінде екі қырғыз азаматы көз жұмған. Олар сол орталықтың дәмханасында жұмыс істепті. Эдита Жүсіпова мен Маиза Гүлжігітқызының із-түссіз кеткендері туралы олардың тустары бұған дейін айтқан болатын.

Ал тағы бір Беларусь азаматы Вадим Александрович Кулик Крокуста күзетші болып қызмет атқарған. Ол теракт болғаннан кейін туыстарына мүлдем хабарға шықпапты. Елшілік қазіргі таңда оның туыстарынан ДНҚ үлгілерін алып тексеріп жатыр. Өйткені мәйітті тану мүмкін емес.

Айта кетейік, бұған дейін 1978 жылы туған Беларусь азаматының қаза тапқаны туралы айтылған болатын. Ол да сол орталықта күзетші болып жұмыс істеген.

Uaqyt.info Ресейдегі теракт туралы бұған дейін бірнеше материал жазды.

Ұсынылатын