- Басты жаңалықтар
- Спорт
- Сәкен Бибосыновқа берілген даулы пәтерге қатысты спорт басқармасы пікір білдірді
Сәкен Бибосыновқа берілген даулы пәтерге қатысты спорт басқармасы пікір білдірді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы боксшы Сәкен Бибосыновқа берілген екі бөлмелі пәтерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! Дұрыс жағынан түсініңіздер. Бұл пәтер арендалық негізде берілген. Алайда демеушілер тарапынан мәселені шешу үшін жұмыстар жүріп жатыр. Пәтер Сәкен Бибосыновтың меншігіне беріледі", – деп жазды басқарма өкілдері әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Токио Олимпиадасының жүлдегері Сәкен Бибосынов өзіне Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Шөкеевтің берген пәтерін өз атына рәсімдей алмай жүргенін айтқан болатын. Uaqyt.info боксшының басындағы мәселені бұған дейін жазды.