Friday, 20 September,2024

Саунадағы балалар лагері: Адам шошырлық жағдайдан кейін барлық жазғы демалыс орындары тексерілмек

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Алматы қаласының білім басқармасы қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп бүкіл балалар лагерінің жұмысын тексеруде. Мұндай қадамға саунадағы балалар лагері себеп болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қалалық әкімдік дерегіне сүйенсек, балалар демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша мамандандырылған балалар мекемелерінің кураторларымен бірге жұмыс күшейді. Нәтижесінде шу болған Арман дала лагерінен бөлек тағы бір жталапқа мүлде сай келмейтін демалыс орны анықталған.

"Бел Ричи» ЖШС-мен ("Арман дала" лагері) келісімшартты бұзатын болдық. Бұл компанияны жауапсыз қызмет көрсетуші деп тану үшін сотқа талап арыз берілді. Ақша төленбеді",- деп хабарлады әкімдіктен.

Бұған қоса, қалалық білім басқармасының қызметкерлері балаларды "Тау самалы" лагеріне ("Айсұлу және Т" ЖШС) кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады. Лагерьге жолдың қашықтығын және балалардың ерекше қажеттілігін ескере отырып, олар Қаскелең қаласындағы жеке мектепке уақытша орналасты. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік етеді.

Еске салайық, бұған дейін Ұзынаған қаласындағы балалардың сауна ішінде орналасқан лагерде жатқаны көптің ашуын туғызған. Тыржалаңаш еркектер тіпті балалар жыраққа жіберген ата-ананың жағасын ұстатты. Кейіннен әлгі кәсіпкердің жазғы демалысты ұйымдастыру үшін мемлекеттен 107 миллион теңге мөлшерінде ақша алғаны белгілі болды. 

Ұсынылатын