Sunday, 24 November,2024

Шахтадағы 16 кеншінің өлімі: Прокуратура тергеу амалдарын бастады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған жарылыстан кейін прокуратура тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Бас пркуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

“Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі). Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді”, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында өрт шығып, 16 адам қайтыс болған еді. Қайғылы оқиға туралы Uaqyt.info бұған дейін жазды.

 

Ұсынылатын